Нөсерден кейін су жайылды

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы жауып, 70 шақты жеке тұрғын үй мен 150-ге жуық ауланы су алғаны хабарланды. Наурыздың 11-інде облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тасқын судан облыс орталығы Өскемен қаласы, Аягөз, Ұлан, Глубокое және Үржар аудандары зардап шеккенін мәлімдеді. ТЖД таратқан ақпаратта "құрбан болғандар жоқ" деп жазылған.