"Мықты еркек теңдіктен қорықпайды". Астанада феминистер митингі өтті

Митинг Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы саябақта өтті. Ортаға арнайы конструкция қойылмағандықтан, қатысушылар осылай топтасуға мәжбүр болды.

Феминистер қазақтың кей сөзі әйелді қорлайды деп санайды. "Менструацияның" қазақ тіліне "етеккір" деп аударылуы қате дейді. 

Феминистік жиындарды жиі айтылатын талап - әйелге саясатқа араласуға мүмкіндік беру.

Мына азамат Қазақстанда 9,8 миллион әйел бола тұра, министр не облыс әкімі қызметінде тек бір ғана әйел отырғанын, мәжілістегі 107 депутаттың тек 28-і ғана әйел екенін айтады.

"Әйел шешім қабылданатын жердің бәрінде болуы керек" дейді мына қыз. Суреттегі адам америкалық судья Рут Бейдер Гинзбургке ұқсайды. Гинзбург – АҚШ Жоғарғы сотының судьясы атанған екінші әйел. Ерлер қауымынан тұратын заң саласында үлкен белестерді бағындырған Гинзбург әйел құқығы үшін күрестің символына айналған.

Митинг қатысушыларының көбі айтар сөзі плакатқа жазып әкелсе, мына қыз ұранын смартфонындағы суфлер-қосымшамен көрсетті.

"Сүйікті әйел ұя салып қана қоймай, ұшуды да үйренгісі келеді" дейді митингінің мына бір қатысушысы. Төрт жыл бұрын, 16 жасында қатерлік ісік ауруына шалдығып, жеңіп шыққанын айтты.

"Әйел азаматтың бәріне қауіпсіздік" дейді мына әйел.

"Менің денем – менің таңдауым". Бұл сөз – феминизм қозғалысының танымал ұранына айналған. Батыс елдерінде аборт жасауды қолдайтын жиындарда жиі айтылады.

Митингіге жүздеген адам келді. Көбі – жас қыз. Күн ашық болды, бірақ аяз қысып тұрды. Ауа температурасы -10 градус шамасында.

"Әйел жезөкше секілді киінбейді, еркектің өзінің ойында зорлау пиғылы бар" деген мына митингші қоғамда зорлық-зомбылық көрсетуші еркекті ақтап алуға деген талпынысты айыптайды. Қыз зорланса, кінәні сол қыздың өзіне жабу – әсіре патриархал қоғамдар үшін қалыпты нәрсе. "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген мақалды да осы мақсатта пайдаланып жатады.

"Мықты еркек теңдіктен қорықпайды" дейді мына бір жігіт.

Феминистер жиынына ер азаматтар да келді. Олар да әйел құқығын қорғауға шақыратын плакаттар ұстап жүрді.

Өзің оңтүстік өңірдің тумасы ретінде таныстырған мына жігіт "оңтүстіктің жігіті де теңдікті қолдайды" дейді.

Митингіде Ресей басқыншылығына тап болған Украинаны қолдаушылар да кездесті.

"Билікке әйелдер келсе, Украина аман болар ма еді?" дейді митингшілердің бірі.

Бейбіт жиынға бүлдіршін қызды да алып келіпті.

Қоғамда феминистерді қазақ дәстүріне қайшы құндылықтарды насихаттайды деп айыптайтындар да бар. Бірақ әйел құқығын қорғаушылар, дәстүрдің қайбір тұсы адам құқығын таптар болса, ол дәстүрді өзгерту керек деп санайды.