Тұздыбастаудағы тасқын

Алматының іргесіндегі Тұздыбастау ауылында төрт көше мен 20-дан астам үйдің ауласын су басқан. 

Ауыл тұрғындарының  айтуынша, соңғы екі күннен бері егіс алқабында еріген қар суы ауылға келе бастаған. 

Су ауылдың шетіндегі жаңадан салынып жатқан үйлер мен көшелерді басқан.

Тасқынның салдары. 

Тұздыбастауға Алматы облысы әкімі Амандық Баталов келді. 

Облыс әкімі тасқыннан зардап шеккен үйлерді аралап шықты. 

Шенеуніктер тасқыннан зардап шеккен үйден шығып келеді. 

Тұздыбастау тұрғыны су басқан ауласына қарап тұр. 

Ауласын су алған үй. 

Ауласын су алған ауыл тұрғыны. 

Тұздыбастау тұрғыны Айгүл Хасенованың үйіне су кірген. 

Айгүл Хасенова жиһаздарын шығарып үлгермеген. 

Тұздыбастауға келген су тартқыш техникалар.

Тұздыбастау тұрғындары ауыл ішінде жиналып тұр. 

Су алған ауылға қайық әкелінді.