"Үйіміз құлауға шақ тұр". Көп балалы шаңырақ баспанаға мұқтаж

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда қаласында екі бөлмелі ескі үйді жалдап тұратын отбасы тұрмыстың қиындап кеткенін айтады. Алты балалы Әйгерім Сәрсенбаеваның сөзінше, жұмыссыз, тұрақты табыс таппайды. Азаматтық некедегі күйеуі екі жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен. Содан бері хабар-ошар жоқ. Ол "әкімдік өткен желтоқсанда үй беретінін айтқан, бірақ уәдесін орындамады" дейді.