Жатақханада вирус жұқтырған дәрігерлер Тоқаевқа шағынды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы емханаларында істейтін дәрігерлер коронавирус жұқтыруын өздері тұрған Азаматтық авиация академиясы жатақханасынадағы санитарлық жағдайдың нашарлығынан көреді. Олар «ғимарат ішінде COVID-19 табылғандар ұдайы көбейіп жатқанда вирус жұқпағандарды оқшауламай, екі апта ұстады» дейді. Алматы денсаулық сақтау басқармасы қала санитарынан тиісті тапсырма түспегенін айтады. Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Азаттық сауалына толық жауап бермеді.