Индонезияда қаза тапқандар саны 300-ге таяды

Your browser doesn’t support HTML5

Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандар саны 281-ге жеткен. Мыңнан астам адам жараланған. Хабар-ошарсыз кеткен адамдар көп. Құтқарушылар табиғи апат болған аймақтарға әлі толық жетіп үлгермегендіктен цунами құрбандарының саны тағы көбеюі мүмкін. Цунами салдарынан үйлері қираған тұрғындар далада қонуға мәжбүр болған. Сенбі күні Зонд мүйісіндегі аралда Анак-Кракатау жанартауы оянған. Мамандардың болжамынша, сол кезде болған жерасты дүмпулері цунамиге ұласып, Суматра мен Ява аралдарының жағалауына лап берген.