Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1400-ге жетті

Your browser doesn’t support HTML5

Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандардың саны 1407-ге жеткен. Табиғи апаттан шамамен 2500 адам жарақат алған. Жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған. Елде құтқару-іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. БҰҰ зардап шеккендерге 15 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек беретінін айтты. Қазіргі кезде апаттан аман қалғандар таза су, азық-түлік, медициналық көмек пен үй-жайға мұқтаж болып отыр.