Экономист: Үкіметтің бағаны бақылаймыз дегені ештеңені шешпейді

Your browser doesn’t support HTML5

9 наурызда теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреп, ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 400 теңгеге жуықтады. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шара қабылдайтынын айтып, мәлімдеме жасады. Теңгенің құнсыздануы халықтың әл-ауқатына қалай әсер етеді? Үкімет бағаны бақылай ала ма? Ұлттық банк жасаған өзгерістердің пайдасы мен зияны қандай? Осы сұрақтарға GSB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық жауап берді.