Әкімдік күзетшісі мен тілші дауы. Ақпарат министрі журналистерді алалай ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі мемлекеттік арна тілшісін көтеріп, күшпен шығарған соң ақпарат министрі журналиске араша түсті. Тілшіге жасалған тосқауылға ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің реакция танытуы — сирек құбылыс. БАҚ жұмысын бақылайтын мекеме билікшіл журналистерге ғана болыса ма? Азаттық тәуелсіз журналистердің пікірін білді.