Қазақстанның батысында бірнеше елді мекенді су алды

Ақтөбе облысында күн күрт жылынып, еріген қар тұрғындарды әбігерге салғанына бір апта болды.

Суда қалған үйдің ауласынан итті көтеріп әкеле жатқан төтенше қызмет өкілі. Ақтөбе облысы Қобда ауылы, 14 наурыз, 2023 жыл.

Тасқын су алған үй. Ақтөбе облысы Қобда ауылы. 14 наурыз, 2023 жыл.

Суда қалған ғимараттар. Қобда, Ақтөбе облысы, 14 наурыз, 2023 жыл.

Қар еріп, өзен тасыған соң, Ойыл ауданындағы Көсембай, Қайыңды, Қарасу, Ақкемер ауылдарының жолын тасқын су шайып кеткен.

Қобда ауылында суда қалған тұрғын үйлер. Ақтөбе облысы, 14 наурыз, 2023 жыл.

Қар еріп, өзен тасыған соң, Ойыл ауданындағы Көсембай, Қайыңды, Қарасу, Ақкемер ауылдарының жолын тасқын су шайып кеткен.

Тасқыннан Самара – Шымкент тасжолы бұзылған. Ақтөбе облысының Қобда ауылы. 14 наурыз, 2023 жыл.

Су басқан ауылдағы көшеде тұрған полиция қызметкері. Қобда ауданының орталығы, Ақтөбе облысы, 14 наурыз, 2023 жыл.

Байғанин ауданында Жем, Сағыз өзендері тасып жатыр. Аудан әкімі Қайрат Отаров су кірген үйлер демеушілер көмегімен жөнделетінін айтты.

Биыл ақпанда Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі көктемгі су тасқыны кезінде 700 мыңнан астам адам тұратын 255 елді мекенді су басуы мүмкін екенін хабарлаған.

Су басқан Қобда ауылының көшесі. 14 наурыз, 2023 жыл.

14 наурыз кешкісін Қобда ауылында жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды.

Жергілікті хабарламаларға қарағанда, Батыс Қазақстан облысында да елді мекендерге су жайылып, жұртты әбігерге салып жатыр. Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланған. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Балтаев Қазталов, Шыңғырлау, Тасқала, Қаратөбе аудандарындағы жағдай күрделі екенін хабарлаған.

Ақтөбе облысында күн күрт жылынып, қар еріп, өзен тасыған соң, жолды су шайып, көп ауыл көлік қатынасынсыз қалды. Ойыл, Байғанин, Темір, Қобда, Шалқар аудандарында кейбір үйлерді су алған.