Аралдағы қайықтар моласы. Балықшылар кәсіптен кетіп жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Арал теңізі маңындағы ауылдарда балықшылар кәсіптен кетіп жатыр. Кейбірі құрылыста жүр, кейбірі қара жұмысқа жалданып күн көре бастаған. Кейінгі бес жылда Кіші Арал суының үштен бірі тартылып, екі жарым метрге таязданған. Балық сиреп, табыс бірнеше есе азайған. Жағада қаңтарылып жатқан қайық көп.