Ауыл дәрігерлері науқастарға велосипедпен баруға мәжбүр

Your browser doesn’t support HTML5

Пандемия тұсында Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында дәрігерлер науқастарға велосипедтен баруға мәжбүр. Елдімекенде 2,5 мыңға жуық халық тұрады. Амбулаториялық орталық дәрігерлері жедел жәрдем көлігі жиі бұзылатынын айтады. "Аудан орталығына науқасты жеткізу үшін кейде көлік жалдаған күндеріміз болды" дейді. Ауыл жұрты індет кезінде бұл мәселенің шешілгенін қалайды.