"Нұр Отан" АӘК алатындарға 50 мың теңге бергісі жоқ. Бұған жұрт наразы

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтанда сирек кездесетін сырқаты бар балаларды бағып отырған әйелдер "Нұр Отан" партиясының 50 мың теңге көмегіне жете алмай отырғанын айтады. Олардың сөзінше, партия өкілі “атаулы әлеуметтік көмек алатындарға жәрдем берілмейді” деген. Қызылорда қаласында да ондаған адам карантинге қарамай, көмек сұрап билік партиясына барып наразылық білдірді.