Мәслихатқа кандидатты неге әкім ұсынады?

Your browser doesn’t support HTML5

"Нұр Отан" партиясынан мәслихатқа кандидаттарды әкімдер де ұсына алады. Заңгер Айгүл Орынбек мұндай тәртіп барда "праймериз өткізу - бос әурешілік" деп сынады. Бірақ "Нұр Отан" хатшысы мұнымен келіспейді. Сөзінше, кімді кандидаттыққа өткізетінін жергілікті филиалдар шешеді.