Жоғарғы соттың судьясы пара алды деп күдікке ілінді. Оны қызметке Назарбаев тағайындаған

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда жоғарғы соттың судьясы өткен аптада пара алып жатқан жерінен ұсталғаны айтылса да, ресми ақпарат өте аз. Оған ақшаны өзінен лауазымы төмендеу, Түркістан қаласының судьясы жіберген. Ал сарапшы елдегі сот жүйесін жемқорлық жайлағанын, судьялар бірі біріне пара беруден тайынбайтынын айтады.