"Белсенділігім жұмысыма әсер етеді". Краншы һәм белсенді Сәуленің қауіпті жұмысы

Your browser doesn’t support HTML5

56 жастағы нұр-сұлтандық Сәуле Сейдахметова тоғыз жылдан бері мұнаралы кранда оператор болып жұмыс істейді. Жезқазанның тумасы әлі салынып бітпеген астанаға жұмыс іздей келген. Бірақ саяси көзқарасына бола, талай рет жұмыстан қуылған. Ол Азаттыққа краншылар наразылығына не себеп болғанын, құрылыс саласында өзі көрген қиындықтарын айтып берді.