Қар құрсауындағы Нұр-Сұлтан

«Артем» базары маңы тротуар. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Жол жиегі мен адамдар жүретін жолдың шетінде омбы қар үйілген. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Қаланың ескі орталығы – оң жағалауда көлік кептелісі жиілеген. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

«Астаназеленстрой» жұмысшысы 50 жастағы Қайрат Құрманғалиев Министрлер үйінің ауласындағы қарды күреп жүр. Айтуынша, басшылық нұсқаған жерлерді тазартады. Жұмысшының жалақасы 80-90 мың теңге шамасында. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Сол жағалаудағы Дінмұхамед Қонаев көшесіндегі көрініс. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Үкімет үйінің алдындағы қар күрейтін трактор. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Зейнеткер Светлана Николаевна қар басқан Шоқан Уәлиханов көшесіндегі тротуарда әрең жүріп келе жатыр. Ол астанада мұндай қыс талайдан бері болмағанын айтады. Сөзінше, «бұрын қар жылдам әрі жиі күрелген». Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Президент резиденциясы Ақорда алдындағы алаң қарын тазалау процесі. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Әкімдік дерегінше, коммуналдық қызмет тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жергілікті билік сайтында жыл басынан бері 2,3 миллион текше метр қар (197 603 рейс) шығарылғаны, 1548 жұмысшы мен 1206 техника жұмылдырылғаны жазылған. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Жоғарғы сот ғимаратының алдында тұрған қар тиелген көлік. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

«Артем» базары маңындағы аялдама. Жолаушылар автобусқа отыру үшін жол жиегінде үйілген қардан аттап өтеді. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Қаланың ескі орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы жағдай осындай. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Жол жиегін тұрған көліктердің көше қары күрелгеннен кейін кері шығуы қиындайды. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Қар қалың жауғаннан кейін сол жағалаудағы кейбір көшелер жіңішкерген. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.

Астана тұрғыны Сәуле (фотода) Амангелді Иманов көшесі бойында келе жатыр. Ол «жолды жүргізушілер үшін тазартады, ал жаяу адамдарды ешкім ойламайды» дейді. Нұр-Сұлтан, 28 қаңтар 2020 жыл.