"Сайлау қарсаңында..." Жұрт интернеттің "бұғатталуы" жайлы не дейді?

Your browser doesn’t support HTML5

6 желтоқсанда астаналықтар Facebook, Youtube және өзге де сайттарға кіре алмай қалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" жаттығуы кезінде әлеуметтік желілерден бөлек, "бірқатар шетелдік интернет-ресурсқа" кіру қиындады. Байланыс операторлары бұл ресурстарға кіру үшін "Қауіпсіздік сертификатын орнатуға" кеңес берді. Кибержаттығу 6 желтоқсанда басталды деп хабарланды, бірақ оның қашан аяқталатыны айтылған жоқ.