Жер астындағы мұражай

Шахта-мұражай ғимараты Қарағанды индустриалдық колледжі студенттері үшін оқу шахтасы ретінде пайдаланылады, мұнда келетін қазақстандық және шетелдік туристерге ол "тірі экспозиция" іспеттес.

Ерекше мұражай Қарағанды тау-кен – индустриалдық колледжі базасында ашылған. Оқу орны директоры Геннадий Ивченконың сөзінше, алғашқы екі аптада жер астындағы музеймен танысуға 250-ге жуық адам келген.

Шахтаны көргісі келетіндер әуелі шағын ережемен танысады. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертіледі. Туристің қалауы бойынша, гид тау-кен қопарғыш комбайынның қалай жұмыс істейтінін көрсетеді, тіпті, туристке оны басқарып көруіне де рұқсат етуі мүмкін.

Шахтаның іші тас қараңғы. Онда тіпті шахтер қол шамының жарығы да әлсіздеу сезіледі. Жерасты тоннелімен аяғыңыздың астына, жан-жағыңызға және жоғарыға абайлап қарап жүрген ләзім. 

Шахтадағы желдеткіш жүйесінің дыбысы өте қатты болғандықтан ол жердегі дауыс дұрыс естілмейді.

Шахтадағы кенжар қабырғасы, оның төменгі жағында көмір шашылып жатыр.

Шахтадағы метан газының мөлшерін анықтайтын аспап.

- Шахтадағы метан мен көмірқышқыл газын өлшеуге арналған аспаптар бар. Бірақ алдын ала болжау қиын түрлі тау-кен – геологиялық табиғи жағдайлар да болып тұрады. Газдың аты газ, сыртқа өтіп кетуі мүмкін. Оның үстіне үнемі адам факторы да бар. Кенші жұмысы - өте қауіпті еңбек, - дейді байырғы шахтер Владимир Лендо.

Шахтадағы телефон.

Мұражайда Қарағанды көмір бассейнінде өндірілетін көмір түрлері қойылған.

Шахтада көмір қазуға арналған "Қарағанды 7-15" комбайнының кішірейтілген жұмысшы макеті.

Мұражайға қойылған осындай макеттер арқылы Қарағанды облысындағы көмір өнеркәсібінің даму тарихымен танысуға болады.

Мұражайға кейін көпшілікке танымал болған Қарағанды тау-кен - индустриалдық колледжі түлектерінің суреттері ілінген.

Шахтада 30 жылға жуық еңбек еткен Владимир Лендо қаһарман мамандық иелері шахтерлердің жұмысы өте қауіпті екенін айтады.

Көмір өнеркәсібінің мұражайы Қарағандының өнеркәсіптік ауданы – Майқұдықтың көрнекі орнына айналды. Майқұдыққа келген туристер мұнда сақталған көптеген ескі ғимараттармен танысып, қаланың тарихы туралы мағлұмат алады. Майқұдықта барак типтес үйлер әлі де кездеседі.