"Баланы ұрып өлтірген". Шымкент полициясындағы күдіктінің жұмбақ өлімі

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкент полициясындағы тергеу кезінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан марқұм жігіттің әкесі «ұлымды ұрып өлтірген» дейді. Бүгін ол мәйітханаға кіріп, баласының денесін көріп шықты. 8 желтоқсанда күндіз «көлік ұрлады» деп ұсталған күдікті бірнеше сағаттан соң қаза болған. Полиция департаменті «оның аяқ астынан жүрегі ұстады» деп ақпарат таратқан. Туыстары бұған сенбейді.