"Үйдің іші лай". Оңтүстік жұртын тасқын әбігерге салды

Your browser doesn’t support HTML5

13 мамыр түнде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы маңында бірнеше ауылды су алып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, кеше түстен кейін жауын көп жауып, әуелі Қасқасу ауылындағы Қасқасу өзені арнасынан тасыған. Су ауыл ішіндегі төрт көпірді шайып, көшеге жайылған. Кейін Шымкентке де жетіп, қала іргесіндегі бір және тағы үш ауданның он шақты ауылына кірген. Шымкенттен Арыс қаласына қарай баратын жолдағы көпірді де су басып қалып, жол қозғалысы тоқтаған.