Шымкенттегі наразылық пен түнгі ойран. 4-6 қаңтар

Үкіметке наразылық пен тәртіпсіздіктен кейінгі көрініс. Шымкент, 5 қаңтар 2022 ж.

Жаңа жылдан бастап сұйытылған газдың қымбаттауына жаппай наразылық білдірген Жаңаөзен халқын қолдаған жергілікті белсенділер акция өткізу жайлы үндеу тастағаннан кейін Шымкент көшесінде полиция күзеті күшейтілген еді. 4 қаңтар 2022 ж.

Полиция жаңаөзендіктерді қолдау акциясына бара жатқан адамдарды күндіз көшеден ұстап, көлікке салып жатыр. Шымкент, 4 қаңтар 2022 ж.

Полиция күндіз көшеден ондаған азаматты ұстап әкеткенімен шеруге тоқтау сала алмады. Кешкісін қала орталығына жаңаөзендіктерді қолдау акциясына мыңдаған адам шығып, әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қоса саяси талаптар да көтерді. Олар Қазақстан әнұранын қосыла шырқап, "Шал, кет!", "Назарбаев, кет!" деп айқайлады. Шымкент, 4 қаңтар 2022 ж. 

Наразылық шеруіне қатысушылары жергілікті әкімдік алдына барып, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің келуін талап етті. Бірақ әкім келмеді.

Әкімдіктің қасындағы Көрме орталығы алдында әлдебіреулер полиция көлігін терезесін шағып, аударып тастады. Оларды тоқтатпақшы болған өзге адамдарға бой бермеген елірген топ он минуттың ішінде ондаған көлікті қиратты.

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көшедегі жарнаманың тамтығы. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Түнгі наразылық пен тәртіпсіздіктен кейін Шымкенттегі көрме орталығы алдында аударылып жатқан полиция көліктері. 5 қаңтар 2022 ж.

Тәртіпсіздіктер кезінде өртенген көрме орталығының жанында итімен бірге күзетте тұрған әскери қызметкер. 7 қаңтар 2022 ж.

Шымкенттегі тәртіпсіздіктер кезінде өртенген көрме орталығы. 7 қаңтар 2022 ж.

Өртеніп кеткен көрме орталығы қасынан өтіп бара жатқан адам. Шымкент, 7 қаңтар 2022 ж.

Тәртіпсіздіктер кезінде өртенген көрме орталығының ішкі көрінісі. Шымкент, 7 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі. 6 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі маңында тұрған полиция көліктері. 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі маңындағы көрініс, 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі маңындағы көрініс, 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі маңындағы көрініс, 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде жанып кеткен полиция көлігінің қаңқасы. 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі алдындағы полиция көліктері, 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі маңындағы көрініс, 5 қаңтар 2022 ж.

Түнгі ойран кезінде бүлінген полиция көліктері. Шымкент, 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі алдындағы полиция көліктері, 5 қаңтар 2022 ж.

Тоналып, қиратылған сауда орталығы. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Қиратылып, тоналған банкомат. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Тоналып, қиратылған сауда орталығы. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Өткен түні тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген полиция көліктері. Шымкент, 5 қаңтар 2022 ж.

Түнгі оқиғалар кезінде қиратылып, жанып кеткен көліктің қаңқасына қарап тұрған адам. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Жанып кеткен автобус қаңқасының жанында көшедегі жағдайды бақылап тұрған қарулы сарбаз. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Түнгі оқиғалардан кейінгі қала әкімдігі алдындағы алаңда қалған заттар. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Түнгі оқиғалардан кейінгі қала әкімдігі алдындағы алаң көрінісі. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қаласы әкімдігі алдындағы алаң. 6 қаңтар 2022 ж.

Түнгі оқиғалардан кейін қала әкімдігі алдындағы алаңда шашылып жатқан заттар мен жанып кеткен көліктердің қаңқасы. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Түнгі оқиғалардан кейін қала әкімдігі алдында тұрған полиция арнайы техниасы. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Сауда орталығының алдындағы алаң. Шымкент, 6 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қалалық әкімдігі алдын күзетіп тұрған әскерилер. 5 қаңтар 2022 ж.

Шымкент қалалық әкімдігі алдында тұрған қарулы жасақ. 5 қаңтар 2022 ж.