Жәрдемақы талап еткен шымкенттік ана екінші қабаттан секірмек болды

Your browser doesn’t support HTML5

2 мамырда Шымкентте төрт балалы ана Лаура Қалдыбаева қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының екінші қабатынан секірмек болды. Ол 21 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыға құжатты наурызда өткізгенімен мемлекеттен қаржылай көмекті әлі күнге дейін ала алмай жүргеніне наразылығын осылайша білдірді. Жұмыспен қамту орталығының өкілі наразы анаға тиесілі жәрдемақы оның шотына аударылғаны туралы құжатты көрсеткен соң Лаура Қалдыбаева үйіне қайтты.