Шымкентте биліктен көмек талап еткен елу шақты әйел әкімнің шығуын талап етті

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте тұрмыстың қиындағанын айтып елу шақты адам әкімдікке барды. Көп балалы, жалғызбасты әйелдерді баспана, балалардың жәрдемақысы, су, газ тарту мәселесі алаңдатады. Жиналғандар қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне сенбейтінін айтты және талап-арызды әкімнің өзі тыңдасын десті. Бірақ әкім шықпады.