"Мойны мен шабына оқ тиген". Қаңтарда қаза болған Аңсардың анасының шері

Your browser doesn’t support HTML5

5 қаңтарда Алматы қаласындағы дүрбелеңде мойны мен шатына оқ тиіп қаза тапқан, Шымкенттегі "Ақжайық" мұсылмандар зиратына жерленген 22 жастағы Аңсар Исламның сүйегі 7 сәуірде қайта қазып алынып, сараптама жасалды. Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 272-бабымен ("Жаппай тәртіпсіздік") қозғалған қылмыстық іске байланысты марқұмның сүйегін эксгумация жасауға шешім шығарған. Бұған түбегейлі қарсы болған марқұмның анасы Жазира Жандарбекова өкіметтен оқ атқан адамды тауып, жазалауды талап етеді.