Оқуға түспей қалған чемпиондар. Жас спортшылар грант бөлуді сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда баласы оқуға түсе алмаған 30 шақты ата-ана Қазақ спорт және туризм академиясының алдына жиналып, дене шынықтыру саласы бойынша бөлінген мемлекеттік грант саны аз деп шағынды. Айтуларынша, балаларының халықаралық деңгейдегі спорт шебері, республика және әлем чемпионатының жүлдегері сияқты жетістігі бар талапкерлердің көбі оқуға түсе алмаған. Оқу орны басшылығы грант жетіспейтінін мойындап, "бұл - жылда қайталанатын мәселе" деді.