Аптаның үздік жеті хикаясы

Қақпадан халықты саябаққа жібермей тұрған арнайы жасақ өкілі. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Мереке күні билікке наразылық білдіргендерді ұстады

Мамырдың 1-і күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан маңға жиналған адамдар билікке наразылық білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айқайлады. Екі қалада полиция бірнеше адамды ұстап әкетті. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Халық екіжүзділіктен шаршады". Сарапшылар наразылық туралы

Мамырдың 1-і Қазақстанның екі ірі қаласында өткен рұқсат етілмеген жиынға жүздеген адам қатысты. Сарапшылар мұны қоғамдағы наразылық пен шынайы реформаларға қажеттіліктің артуымен байланыстырады. Олардың пікірінше, биліктің демонстранттарды наразылық басталған соң бірден ұстамай, бірнеше сағат бойы пікір білдіруіне мүмкіндік беруіне бірқатар саяси себептер, соның ішінде сайлау науқаны әсер еткен. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Тоқаевтың "фотошоп" бейнесі

Азаттық Қазақстанның жаңа жетекшісінің фотолары арнайы сурет өзгертетін бағдарлама арқылы қатты өңделетінін байқады. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Президентті күткен Кәлпе ауылындағы қарбалас

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Кәлпе ауылына "жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келмек". Ауыл тұрғындары президентті күтіп алуға қызу дайындалып жатқандарын айтады. Бұл ауылда президенттің әкесі Кемел Тоқаев дүниеге келген. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында туса да, балалық шағының біраз бөлігі осы Кәлпеде өткен.

"Күн мен көлеңке". Белгілі тұлғалар жастар наразылығы туралы

Қазақстанды 30 жылдай басқарған бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатып, билік ерте сайлау жариялаған соң әділ сайлау өткізуді талап етуші жастардың саяси белсенділігі күшейе бастады. Қоғамның белгілі тұлғалары бұл үрдісті қалай бағалайды? Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Аз жалақыға қараған отбасының ашқұрсақ тірлігі

Баспанасыз әрі жұмыссыз төрт адамның 19 мың теңгеге күн көруі тиіс. Бұл – қандай да бір арнайы сынақ емес, теміртаулық жас балалы жалғызбасты әйелдің күнделікті тұрмысы. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыру кезінде шенеуніктер әлгі әйелге әпкесінің азық-түлікке берген 5 мың теңгесін де "отбасының табысы" деп есептеген. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Сайлау қайтсе әділ өтеді?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанда биыл 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауын, саяси науқанның әділ өту шарттарын, ұсынылған үміткерлер мүмкіндігі талқыланды. Хабар қонағы - саясаттанушы Айдос Сарым болды.​

Your browser doesn’t support HTML5

Сайлау қайтсе әділ өтеді?