Аптаның үздік жеті хикаясы

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында ашылған "Шекара" көрмесіне қойылған Катя Исаеваның "Жүз кесе" деген жұмысы келушілердің көбін қызықтырды. Алматы, 19 қыркүйек 2018 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Түркістандағы құрылыс тарихи ескерткіштерге зиянын тигізе ме?

Қазір Түркістанды жаңғыртудың бас жоспары жасалып жатыр. Ал қазақстандық археологтар әлі қазылмаған, зерттелмеген ортағасырлық археологиялық ескерткіштер үшін алаңдайды. Түркістанға барып қайтқан Азаттық тілшісі Петр Троценконың мақаласы.

"Туыстарымның қай лагерьде отырғанын білмеймін"

Павлодар тұрғыны Нұрлан Бекбосынұлы Қытайдағы туған екі інісі және туысқан қарындасынан хабар ала алмай отыр. Ол жақындары Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу лагерінде" қамауда отыр деп күдіктенеді. Қытайдағы жақындарына алаңдаған жігіттің тағдыры.

Your browser doesn’t support HTML5

Үш туысы Қытайда қамауда отырған жігіттің тағдыры

АҚШ-Қытай сауда соғысы: Соя дақылынан - сирек металға дейін

АҚШ-Қытай сауда соғысының үшінші кезеңі басталды, қос Корея саммитінде қарусыздану құжаты бекітілді, Айға ұшатын алғашқы турист анықталды. Әлемде болған маңызды оқиғалар - Азаттықтың Жаһан жаңалықтарында.

Your browser doesn’t support HTML5

Жаһан жаңалықтары 21.09.2018

Чехиялық қазақ және Назарбаев туралы фильм

Инсар қазір Чехияның Прага қаласында тұрады. Төрт жасында ата-анасымен Чехияға көшіп келген. Прагадағы университеттердің соңғы курсында оқып жүр. Диплом жұмысының тақырыбы – Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген киноленталар.

Your browser doesn’t support HTML5

Чехиялық қазақ және Назарбаев туралы фильм

​Суретшілер шекара мәселесін зерттеп жүр

Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында Гете-институтының (немісше - die Grenze) "Шекара" көрмесі ашылды. Көрмеге Азаттық тілшісі Алоис Азаров та барып қайтты.

Қытай қазағының Түркияда ұсталған әйелі босатылды

Түркия әуежайында полиция ұстаған Раушангүл Ташмағамбет босатылды. Ол - Қытайда туған этникалық қазақ Өмірбек Бекалының әйелі. Қамаудан шыққан Раушангүлдің Азаттыққа айтқаны.

Орал соты украиналық журналиске не үшін айыппұл салды?

Орал әкімшілік соты киевтік журналист Александр Гороховскийді миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін айыпты деп танып, оған айыппұл салды. Сарапшылар мен Гороховскийдің қазақстандық әріптестері бұл оқиғаны жастарға арналған "Журналистика мектебі" жобасына "қысым жасау әрекеті" деп бағалайды.