Аптаның үздік жеті хикаясы

Жаңаөзен қаласының орталығындағы ғимараттың төбесінде тұрған қарулы әскерилер. Маңғыстау облысы, 17 желтоқсан 2011 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Мен болмасам, басқа кім?"

Жігерлі, сенімді жастар. Қазақстан құқық қорғаушыларының жаңа буыны осындай. Дизайнерлер, студенттер, оқытушылар, қаржыгерлер. Олар адам құқықтарын қорғау саласына түрлі жолмен, бірақ "Мен болмасам, басқа кім?" деген ұқсас себеппен келді.Оларды не толғандырады? Қандай өзгерісті қалайды? Өмірде нені маңызды деп санайды? Азаттықтың арнайы жобасы

​"Астанадан тәуелсіз кәсіподақты қудалауды доғаруды талап етті"

Халықаралық кәсіподақтар конгресінің Копенгагендегі жиынында Қазақстандағы жағдай туралы баяндаған тәуелсіз кәсіподақ өкілі Құспан Қосшығұлов Азаттыққа сұхбат берді. Астанадан тәуелсіз кәсіподақ белсенділерін қудалауды дереу доғаруды талап еткен ХКК осы ұйымға Қазақстан кәсіподақтар федерациясының мүшелігін тоқтатқан. Федерация бұл шешіммен келіспейді. Азаттық тілшісі Сәния Тойкен Құспан Қосшығұловпен сұхбаты.

Жаңаөзен оқиғасы. Жеті жылда не өзгерді?

Биыл Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға жеті жыл. AzattyqLIVE сол оқиғалардың бүгінгі салдары, сипаты, зерттелуін талқылады. Студия қонағы - Жаңаөзен оқиғасы бойынша Қоғамдық комиссияны басқарған саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы болды.

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңаөзен оқиғасы. Жеті жылда не өзгерді?

Мүгедек суретшінің шексіз әлемі

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында алматылық суретші Алексей Уткиннің "Мен әр қырлымын" ("Я такой разный") атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеге барып қайтқан Азаттық тілшісінің мақаласын оқи отырыңыз.

Семей полигонындағы сағым қалашық

Бұл қала Совет одағы кезінде ядролық полигон қызметкерлерінің мекені болған. Бірақ картада белгіленбеген. Шағанның тіршілігі совет одағымен бірге күйреді. Қазір бұл қала қаңырап бос тұр. Азаттық тілшілері бір кездері мыңдаған адамның мекені болған Шаған қаласына барып қайтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Семей полигонындағы сағым қалашық

Телефон тіркетудің артында не тұр?

Қазақстанда 26 миллион ұялы телефонның 14 миллионы тіркелген. Бұл туралы осы аптада мәжілісте өткен үкімет сағатында айтылды. Жиыннан соң Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев "тіркелу құзырлы органдарға азаматтарды аңдуға жол ашпайды" деп cендіреді.

Your browser doesn’t support HTML5

Телефон тіркетудің артында не тұр?

Мектептегі "сорпа дауы" сотқа жетті

Мектеп асханасындағы тағамға көңілі толмай пост жазған мұғалім мен журналиске қатысты сот жүріп жатыр. Шағымданушы кәсіпкерлер "іскерлік беделіне нұқсан келгенін" айтады.