Коронавирус, қаңыраған қала, карантиндегі өмір

Жұма намазын оқып жатқан мұсылмандар. Пәкістан (​AP/B.K. Bangash)

Түркиямен шекараға жақын Алеппо провинциясының солтүстігіндегі қауіпсіздік бекетінде көлікте жарылыс болғаннан кейінгі сәт. Түркия қолдайтын сириялық топтар мен "Ақ каска" ұйымы жарылыстан зардап шеккендерді іздеп жатыр. 
 

Мәскеудегі Манеж алаңында скейтборд тепкен адам.

Киевтегі автобуста маска киген кондуктор. Мұнда коронавирусқа байланысты автобустағы жолаушылар санына шектеу қойылды. 
 

Экологиялық әріптестік қауымдастығы (Environmental Partnership Association) "тасқыннан зардап шеккен ауылдың сақшысы" деген атауға ие болған 350 жылдық мына қарағайды "2020 жылдың ағашы" деп атады. Бұл ағаш су тасқынынан зардап шеккен Чехияның Чубодин елді мекені маңында өсіп тұр. Жергілікті тұрғындар арасында түнде пері осы ағаштың түбіне келіп отырып, сырнай тартады деген аңыз бар. Экологиялық әріптестік қауымдастығы бұл ағашты табиғаттың "ғаламдық жылыну мен адамзаттың ықпалына төтеп беруінің ғажап көрінісі" деп атайды. 
 

Коронавирустың таралуына байланысты қоғамдық орындарға баруға тыйым салынғаннан кейін жағажайды күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Карачи, Пәкістан. 
 

Италияда коронавирусқа байланысты адамдар үйден шыға алмайды. Кейбір тренерлер көршілерін балкон арқылы жаттықтыруға көшкен. 

Зообақты дезинфекциялап жүрген маман. Скопье, Солтүстк Македония. 
 

Беград алаңында маска тағып жүрген тұрғындар.

Коронавирусқа байланысты Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы залында адам сиреген. 
 

Ереванда арнайы киім киген маман автобусты дезинфекциялап жатыр. 
 

Адам толы пойыздың сыртына жабысып тұрған жолаушылар. Совето, Оңтүстік Африка. 

 

Тұрғындарды тексеріп жатқан дәрігерлер. Флорида штаты, АҚШ. 
 

Қызарып батып бара жатқан күнге қарап тұрған адамдар. Минск, Беларусь. 

 

Автобустарды дезинфекциялауга келген маман. Бухарест, Румыния. 

 

Франкфурт әуежайының ұшу-қону жолағына қонған Lufthansa ұшағы. Германия. 

 

Хайдарабадта мотоциклмен көшені дезинфекциялап жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Үндістан. 

 

Праганың қаңыраған Чарльз Бридж алаңында маска таққан ер адам. Чехия.