Карантинде күре жолда тексеріс көбейді

Шымкентке кіреберістегі блокпостан өткен адамдар мен көліктерді тексеріп тұрған дәрігер, полиция өкілдері мен әскерилер.

Шымкент қаласына кіреберістегі блокпостан өтіп жатқан адамдар.

Шымкентке кіреберістегі блокпосттан өткен адамдар мен көліктерді тексеріп тұрған дәрігер мен әскерилер.

Коронавирустың таралуына байланысты азаматтар көпшілік орындарда, жолға шыққанда маска тағып жүруге міндетті.

Шымкентке кіреберістегі блокпосттан өткен көліктерді базадан тексеріп тұрған полиция қызметкері.

Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы, 29 сәуір 2020 жыл.

Жол бойындағы тамақтану орындары төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан. Түркістан облысы, 29 сәуір 2020 жыл.

Тасжолдың бойында жүк артылған есек жетектеп бара жатқан маска таққан адам. Түркістан облысы.

Жол шетінде самса пісіріп, сатып отырған әйел.

Мақтаарал ауданындағы блокпостта кезекшілікте тұрған аудан әкімдігі өкілі мен полиция қызметкері.

Мақтаарал ауданы аумағындағы блокпосттан өтіп бара жатқан жүк көлігі.

Күре жолдың шетінде жайылып жүрген малға қарап жатқан бақташы. Түркістан облысы, 29 сәуір 2020 жыл.

Мақтаарал ауданындағы тасжолдың бойындағы блокпост.

Шымкенттен Қазығұртқа баратын жол бойындағы блокпостта өткен адамдарды тізімге тіркеп отырған дәрігер.

Блокпостта коронавирустан қорғануға арналған дезинфекциялық және өзге заттар бар. Мақтарал ауданы, Түркістан облысы.

Мақтаарал ауданындағы блокпостта отырған балалы әйел мен әскери адам.

Мақтаарал ауданындағы блокпостта тұрған полиция көлігі.

Блокпосттан өтуге кезек күтіп тұрған көлік жүргізушісі мен жолаушы. Түркістан облысы.

Жетісай ауданындағы блокпосттан өткен адамдарға таратылып жатқан коронавирустан қалай қорғануға болатыны жайлы ақпарат жазылған парақтар.

Сарыағаш ауданындағы блокпостта көліктің жүруіне рұқсат берілгені жайлы құжатты тексеріп тұрған полиция қызметкері.

Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін жұмысын уақытша тоқтатқан автобекеттің алдында тұрған автокөлік. Түркістан облысы.

Түркістан облысындағы егістік алқабында жүрген адамдар.

Қазығұрт ауданындағы блокпоста отырған мамандар.

Түркістан облысындағы "Ақтөбе" бақылау бекетінен өтіп жатқан автокөлік пен адамдарды тексеріп тұрған полиция өкілдері.

Қазығұрт ауданы Ащыбұлақ ауылы аумағында тасжолда көлік тоқтатып тұрған жолаушы.

Ғани Мұратбаев ауылына кіреберіске қойылған блокпост. Келес ауданы, Түркістан облысы.

 Келес ауданындағы азық-түлік дүкендері, Түркістан облысы.

Блокпостан өткен адамдардың дене қызуын тексеретін дәрігер мен әскери қызметкер.