Түтін тұмшалаған Түркістан

Түркістан қаласы әкімдігінің дерегінше, қалада 35 мыңға жуық ғимараттың тек он пайыздан астамы газбен қамтылған. Қалған бөлігі шамамен жылына 150 мың тонна көмір жағады. Көп қабатты үйлер жылуды қазандықтан алады. Көмір жағатын қазандық мұржасынан тәулік бойы қою түтін шығып тұрады. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

Таңғы Түркістан. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі түтіннен көрінбей тұр. Қала әкімдігінің дерегінше, Түркістанға газ құбырын тарту үшін бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінген. Газ құбырын тарту басталғанымен, әлі аяқталмаған. Қазақстанның оңтүстігінде "ҚазТрансГаз" компаниясына тиесілі бірнеше газ құбыры бар. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

2018 жылы маусымда Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған. Шешім бойынша, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. 
Билік алдағы бірнеше жылда Түркістан қаласын толық газбен қамтуға уәде беріп отыр. 

Кейбір тұрғындар түтіннен бетперде киіп, қорғанады. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

Көшеде түтін тұман сияқты көрінеді. Түркістан қаласы, 15 қараша 2019 жыл.

Түркістанда жер үйлер көп. Жол жиегінде орналасқан әрбір үйдің мұржасынан будақтап түтін шығып тұрады. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

Таңертең тұрғын үйлермен бірге мемлекеттік мекемелердің мұржасынан да түтін будақтап тұрады. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

Түтін иісі мен күннің суығынан бетін жауып бара жатқан тұрғын. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

Түркістандағы көмір базары. Қалада көмірдің тоннасы 20 мың теңгеден сатылып жатыр. Сатушының сөзінше, бір үй қыстың суығына қарай 5 тоннадан бастап 15 тоннаға дейін көмір жағады. Түркістан қаласы, 25 қараша 2019 жыл.

Түтін басқан Түркістан. 22 қараша 2019 жыл.

Экологтар қаладағы түтін мәселесін айтып, бірнеше рет дабыл қаққан. Түркістан, 15 қараша 2019 жыл.

Түтіннен жаяу жүргіншілер жолының шеті көрінбейді. Түркістан қаласы, 22 қараша 2019 жыл.

Күннің көзін жапқан түтін. Түркістан қаласы, 15 қараша 2019 жыл.

Таңғы Түркістан. 22 қараша 2019 жыл.