Әйелдер "Отбасындағы зорлық" заңына қарсы шықты. Олардың жолын арнайы жасақ бөгеді

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтанда алпысқа жуық әйел Министрліктер үйіне келіп, "Отбасындағы зорлық-зомбылық" туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Көп балалы әйелдер заң жобасын түсіндіруді сұрап, депутаттардың шығуын талап етті. Бірақ парламентке бармақ болған наразылардың жолын арнайы жасақ бөгеді.