Денис Теннің соңғы сапары

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға адам көп жиналды. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасып, марқұмды ақтық сапарға шығарып салу үшін жұрт сенбі күні таңертеңнен Балуан Шолақ атындағы сарай алдына жинала бастады. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында тұрған адамдар. 21 шілде 2018 жыл.

Марқұммен қоштасуға толассыз келіп жатқан адамдар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына кіру үшін кезекте тұр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Танымал спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар табыттың алдына гүл қойып жатыр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қапыда қаза тапқан досы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға АҚШ-тан ұшып келді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсіміне келген әйел жылап тұр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Денис Тенмен қоштасуға келген қазақстандық танымал спорт қайраткерлері. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің мезгілсіз қазасына байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған көңіл айту жеделхатын оқып берді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына танымал спортшы Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында тұрған полиция қызметкері. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

25 жасында қапыда қаза тапқан спортшыны аза тұту шарасында Денис Теннің суретін көтерген қыз көз жасын сүртіп тұр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

"Барыс Арена" спорт кешенінде өткен Денис Тенмен қоштасу рәсімінде қазақстандық жас спортшылар мұз айдынына шырақ ұстап шықты. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасу рәсімінде шырақ ұстап тұрған қазақстандық жастар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешеніндегі Денис Тенмен қоштасу жиынында шырақ ұстап тұрған кішкентай қыз бала. 21 шілде 2018 жыл.

Мұз айдынында шырақ ұстап тұрған жас спортшылар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.

"Барыс Арена" спорт кешенінде өткен Денис Тенмен қоштасу жиынына спорт және мәдениет саласының өкілдері, ресми тұлғалар мен өзге де адамдар қатысты. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен жұртшылықтың қоштасу сәтінен түсірілген сурет. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Қазақстандық боксшы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов марқұм Денис Тенмен қоштасу жиынында сөйлеп тұр. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик қазақстандық спортшы Денис Тенмен қоштасу шарасында сөйлеп тұр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

"Барыс Арена" спорт кешенінде Денис Тенмен қоштасу шарасында Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев гүл қойып жатыр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасу шарасында қазақстандықтарға танымал спортшының қазасына қайғырып, жылап жүргендер жиі ұшырасты. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Теннің суреті мен гүл ұстап тұрған жастар. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасу рәсімінде тұрған жастар. Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Спортшы Денис Тенмен қоштасу шарасына жиналғандар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қоштасу рәсімі аяқталғаннан кейін спортшы Денис Тенді жерлеуге апара жатыр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Балуан Шолақ атындағы сарайдағы азалы рәсім кезінде табытта жатқан Денис Тенмен қоштасып тұрған адамдар. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасуға кейбіреулер спортшының суретін ұстап келді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенді Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Спортшы Денис Тенді жерлеу рәсімі кезінде зират басына жиналған адамдар. Достық шағын ауданы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.

Денис Тенмен қоштасу шарасына жұрт әкелген гүлдер мен өнерімен халқына кең танылған спортшының суреті. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.