Министр Дүйсенова: "Әлеуметтік төлем - әр мемлекеттің ішкі мәселесі"

Your browser doesn’t support HTML5

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне байланысты Азаттық тілшісінің сұрағына Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "әлеуметтік төлем мен оның мөлшері - әр мемлекеттің ішкі мәселесі" деп жауап берді. 7 қазандағы сөзінде Атамбаев Қазақстанның әр азаматқа шаққандағы орташа кірісінің көлемі Қырғызстанмен салыстырғанда 10 есе көп болса да, зейнетақы тек бір жарым есе ғана, ал тариф төлемдері – бес есеге көп екенін айтқан. "Өйткені Қазақстанның байлығы талан-таражға түсіп жатыр" деп мәлімдеген Қырғызстан президенті.