Мәжілісте депутат қалмапты

Your browser doesn’t support HTML5

Жер заңына былтыр күзде енгізілген өзгерістерге мораторий жариялануына байланысты Азаттық тілшісі 6 мамырда мәжіліс депутаттарының пікірін білмек болған еді. Бірақ парламентте депутаттар жоқ боп шықты. Камераға сөйлеуден бас тартқан мәжілістің баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, «депутаттардың бәрі аймақтарға аттанған». Депутаттардың көмекшілері мәжіліс мүшелері «түсіндірме жұмыстарын» жүргізу үшін аймақтарға кеткенін айтады.