Теңге құнсызданғанда кім ұтты, кім ұтылды?

Your browser doesn’t support HTML5

10 тамызда Қазақстан қор биржасының таңғы сауда сессиясында доллардың орташа бағамы тағы көтеріліп, 356 теңге 6 тиынға жетті. Айырбастау пункттерінде доллар 358 теңгеге сатылып жатыр. Бүгін Қазақстан ұлттық банкі теңгені бағамын ұстап тұру үшін валюталық интервенцияға дайын екендігін мәлімдеп, теңгенің құнсыздануын ресейлік рубльдің арзандауымен байланыстырды. Азаттық тілшісі теңгенің құнсыздануы мен ұлттық банк мәлімдемесі туралы қаржыгер Сапарбай Жубаевтың пікірін сұрап көрді. Астана, 10 тамыз 2018 жыл.