Үкімет азаматтықтан айыру бабы бар заң жобасын мақұлдады

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның қылмыстық кодексіне адамды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалатын 21 бап енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада үкіметте заңдарды конституцияға енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру туралы заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Оның айтуынша, заң жобасында жеті кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізу қаралған.