Нұрбек Құшақбаевты 2,5 жылға соттады

Your browser doesn’t support HTML5

Астана соты бүгін Маңғыстаудағы Oil Construction Company кәсіпорны жұмысшылары кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі инспекторы Нұрбек Құшақбаевты "заңсыз ереуілді жалғастыруға арандатқаны" үшін айыпты деп танып, 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Бұған қоса сот Құшақбаевтан 25 миллион 199 мың 717 теңге өндіртіп алуды сұраған Techno Trading компаниясы талабын қанағаттандырды. Сотталушының адвокаты үкімге апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді. Құшақбаевтың жақтастары "билік кәсіподақ белсендісіне қолдан жасалған айып тағып соттады" деп санайды.