"Жаңаөзенге" - бес жыл, не өзгерді?

Жаңаөзен оқиғасынан кейін қаланың орталық алаңын күзетіп тұрған арнайы жасақ. Қазақстан, Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында полиция оғынан 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған қақтығыс болды. Азаттық 5 жыл бұрын болған осы оқиғаны сол кезде құрылған «Қоғамдық комиссия» ұйымдастырушыларының бірі Рысбек Сәрсенбайұлымен талқылады.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында полиция оғынан 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған қақтығыс болды. Желтоқсанның 17-сі осы өңірдегі Шетпе кентінде Жаңаөзен тұрғындарын жақтаған жұрт полициямен қақтығысып, бір адам оққа ұшты. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Халықаралық демократиялық қауымдастық Қазақстан үкіметінің әрекетін айыптап, қантөгістің мән-жайын анықтау үшін толық және әділетті тергеу жүргізуге шақырған. «Ереуіл ұйымдастырды» деген ондаған мұнайшы мен бірнеше саясаткер қылмыстық жаза алып, түрмеге қамалды. Наразыларға оқ атқан полиция қызметкерлері «өкілетін асыра пайдаланғаны үшін» сотталып, түрмеге қамалды.

Бес жыл бұрын болған Жаңаөзен мен Шетпедегі қанды оқиғаның қыр-сыры толық ашылды ма? Ол үшін ресми органдар мен қоғам тарапынан қандай нақты әрекеттер жасалды? Осы және өзге де сауалдарға «Тәуелсіз қоғамдық комиссия» жетекшілерінің бірі Рысбек Сәрсенбайұлы жауап берді.