12 оқушы талып қалды

Your browser doesn’t support HTML5

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының мектебінде сабақ үстінде 12 оқушы талып қалып, ауруханаға түсті. Олардың көпшілігі - былтыр қарашада белгісіз газдан уланғандар. Қарашығанақ газ кенішінің қасындағы ауыл тұрғындары өздерін қауіпсіз аймаққа көшіруді сұрайды. Жергілікті билік әзір ондай жоспар жоғын айтады. 21 қаңтар 2015 жыл.