Қазақстандағы декоративтік қала

Қала декорациясының Іле өзенінен қарағандағы жалпы көрінісі.

Қапшағайдан осы жерге жеткенге дейін жол белгісі жоқ. Километр көрсеткіштерін әлдекімдер алып кеткен. Мына белгіде "Түркістан декорациясы" деп сілтеме жасалған. 

"Қаланы" аралаушылардың бір тобы мұнара орнын тамашалап тұр. Қамал қабырғасынан "зеңбірек оқтарының" ізі көрінеді.

"Қала" қамалы.

"Қаланы" аралаушылар дарбазадан емес, қамалдың сырт жағынан кіреді.

Тарихи фильмдерге пайдаланылған қоқан арба.

Арбаның айналасында жылқылардың макеті шашылып жатыр.

"Қала" қамалының үстіндегі соғыс құралдары.

Қамал үстінен қарағандағы "қаланың" ішкі көрінісі.

"Қаланың" кейбір бөлігіндегі декорациялық материалдар ыдырай бастаған.

"Көшпенділер" фильмі үшін пайдаланылған қақпа үлгілерінің бірі қамал ішіне қойылған.  

Дарбазаның қамал ішінен қарағандағы көрінісі.

Қамалдың ішкі көрінісі.

Сыртынан қарағанда декорацияның тақтайдан жасалғаны анық көрінеді. Сондықтан "қаланы" аралаушыларға шылым шегуге тыйым салынған. 

Қамал үстінен қарағандағы Іле өзені. Декорация Іленің сол жағалауында салынса, оң жағалауда "Таңбалы тас" ескерткіші бар. Алайда оған "қала" жағынан өзеннен өту мүмкін емес. "Таңбалы тасқа" бару үшін қайтадан Қапшағайға келіп, көпір арқылы Іленің оң жағалауына өту керек.  

Іленің оң жағалауынан келген адам "Таңбалы тас" (Тамғалы-Тас) ескерткіші туралы сипаттаманы көреді.

"Таңбалы тастағы" петроглифтердің бірі.

Қазақстанда "Таңбалы тас" және "Таңбалы" (Тамғалы) деп аталатын бірнеше жер бар. Іленің оң жағалауындағы "Таңбалы таста" Жоңғар дәуірінде тасқа қашап салынған суреттер мен жазбалар сақталған. 

Іле өзенінің сол жағалаудан қарағандағы аңғары. Қала декорациясы мен "Таңбалы тасқа" жету үшін шатқалға түсу керек.