Сайлау туралы демотиваторлар

"2015 жылдың үздік шоуы" атты демотиватор суретте бұған дейінгі президент сайлауларында кандидат болған адамдардың кейбірі бейнеленген.

Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов бейнеленген суретте "Сайлау демократияны болдырмайды, девальвацияны кейінге қалдырады" деп жазылған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген суретте "Нұр Отанды" кім басқарады?" деген сауал тұр.

Бұл демотиваторда 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты алғаш айтқан ​адам - Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков бейнеленген. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Референдум" мен "Сайлаудың" бірін таңдауды ұсынып тұрған адамның қолы.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген бұл суретте алдын-ала белгіленген бюллетень тұр.

Бұл суреттегі жазуды "Бәрің - сайлауға" деп те, "Бәрі - ұры" деп те оқуға болады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейінгі сайлауларда аса көп дауыс алғанын мысқылдаған демотиватор.