Жоғалған ұшақты сақтандырушының бірі – қазақстандық компания

Куала Лумпур әуежайында Malaysia Airlines компаниясы ұшақтарына қарап тұрған адамдар. Малайзия, 13 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Малайзияның жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағын сақтандырған қазақстандық компания шығынның мөлшерін жобалап отыр.
Қазақстандағы «Евразия» сақтандыру компаниясы Malaysia Airlines компаниясының 8 наурызда жоғалған Boeing 777 ұшағы осы компанияда қайта сақтандырылғанын растады.

«Жоғалған ұшақ алдымен Малайзияда сақтандырылып, кейін «Евразия» компаниясында қайта сақтандырылған. Мүлік тылсым жағдайда жоғалғанда немесе табылмағанда сақтандыру компаниясы мүлікті қорғайды. Қазір компания орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға және оны сақтандыру жағдайы деп тануға қажет құжаттарды күтіп отыр» делінген компанияның баспасөз қызметі Азаттыққа берген ресми жауапта.

«Евразия» компаниясы жоғалған ұшақтың сақтандыру сомасы 200 миллион долларды құрауы мүмкін деп болжайды. Оның қанша пайызын қазақстандық компания төлейтіні сақтандыру жағдайы деп тануға қажет құжаттар келген соң есептеледі.

Бұрын сақтандыру мекемелерінің бірінде жұмыс істеген қаржыгер Әлихан

Жоғалған ұшақтағы адамдардың бірінің туысы жылап тұр. Малайзия, 12 наурыз 2014 жыл.

Сапарбеков Қазақстандағы ірі сақтандыру компаниялары шетелдік әуе компанияларының ұшақтарын да сақтандыратынын растады.

– Бір сақтандыру компаниясы бір ұшақты толық сақтандырмайды. Бір ұшақ әлемнің бірнеше сақтандыру компаниясында сақтандырылады. Ұшақтардан бөлек компаниялар ірі тауарлар таситын жүк көліктерін жүгімен бірге сақтандырады. Жүк көліктерін де бірнеше компания бөліп алады. Егер ұшақ немесе жүгі бар көлік жоғалған жағдайда компаниялар өзіне тиесілі шығынды төлеп беруі тиіс, – деді ол Азаттық тілшісіне.

8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі – Boeing 777

Вьетнамның әскери ұшағы малайзиялық жолаушылар ұшағын іздеп жүр. 14 наурыз 2014 жыл.

жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кеткен еді. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.

Малайзия үкіметі ұшақты арасында Қазақстан да бар 25 ел іздестіріп жатқанын хабарлаған. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак сарапшылардың «ұшақ не солтүстіктегі Қазақстанстанға қарай, не оңтүстіктегі Үнді мұхитына қарай кеткен болуы мүмкін» деген болжамын айтқан. Қазақстанның авиация комитеті Malaysia Airlines компаниясының жоғалған Boeing 777 ұшағы Қазақстанның әуе шекарасына кірмегенін мәлімдеді.