«Ақтастағы Ахиконың» кейіпкері спектакльді көрді

Your browser doesn’t support HTML5

Қарағанды қаласындағы Станиславский атындағы театрда «Ақтастағы Ахико» спектаклінің премьерасы өтті. Бұл - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Карлагта қамалған, бостандыққа шыққан соң сол лагерь маңында өмір сүрген, содан бері Қазақстанда тұрып жатқан жапон тұтқыны Ахико Тецуроның тағдыры жайлы деректі спектакль. Қазір Қарағанды маңындағы Ақтас кентінде тұратын 86 жастағы Ахико Тецуро жұбайы Еленамен бірге өзі туралы спектакльдің Қарағандыдағы премьерасына қатысты.