"Жер сатуға" қарсыларды полиция күшпен таратты

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда қаласындағы орталық алаңда үкіметтің «жер сату» және жерді шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсылық білдірген азаматтарды полиция күшпен таратты. Жергілікті драма театрда билік өкілдерімен кездескен наразылар өкілдері жер жайлы талаптарын жеткізіп, «ел үшін маңызды мәселелерді халықпен кеңесіп және ашық талқылауға» шақырды.