Белсенділер босатылды

Your browser doesn’t support HTML5

Апелляциялық сот "араздық тудырды" деген айыппен сотталған белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталиннің жазасын жеңілдетіп, сот залынан босатты. Апелляциялық соты Мәмбеталиннің бас бостандығын бір жылға шектеп, үш жылға қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салды. Мәмбеталинді алғашқы сот инстанциясы екі жылға соттаған еді. Үш жылға бас бостандығынан айырылып, бес жылға қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салынған Нарымбаевтың жазасы үш жылға бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Бірақ бес жыл қоғамдық қызметпен айналыспау тыйымы өзгермеді. Алматы, 30 наурыз 2016 жыл.