“Адам өмірін құтқарғандағы сезім ерекше”. Індетпен күрескен фельдшердің әңгімесі

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда ресми түрде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелгеніне, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid індетін пандемия деп жариялағанына бір жыл толды. Былтырғы наурыздан бері вируспен алдыңғы шепте дәрігерлер күресіп жүр. Солардың бірі - 29 жастағы фельдшер Қасым Шынтас. Ол "былтырғы жаз ешкімге оңай тимеді" дейді. Екі баланың әкесі індет күшейген тұста отбасын ауылдағы ата-анасының үйіне жіберген.