Теміржол "тербеген" Сауран

Сауран қамалының бір бөлігі.

Қамалдың салыстырмалы түрде сақталған бөлігінің іштен қарағандағы көрінісі. Мұның сырт жағынан теміржол және автомагистраль өтеді. 

Сауран қамалының сыртқы көрінісі. Қамал қалдығының алдында мал жайылып жүр. Бұл - әдеткі үйреншікті көрініс. 

Қамал қабырғасы мен оның түбіндегі ордың орны. 

Сауран қамалының түбіндегі теміржолмен кетіп бара жатқан пойыз. Оның ар жағында автомобиль магистралі көрінеді. 

Қамал қабырғаларының бірінің ішінен қарағандағы көрініс. Қорған сыртында мұнай өнімдерін артқан жүк составы кетіп барады. 

Сауран қамалы қалдығына кіріп-шыққан қазіргі көліктер салып тастаған қаражол.

Қамалдың сақталған бөлігі консервацияланып қойылғанымен, кейбір тұстарының жігі ашылып барады.

Сауран қамалының дарбазасы тұсындағы қабырғаның үстінде есекпен кетіп бара жатқан адам. 

Сауран қаласы орнын аралауға келген туристер қамалдың үстін таптап соқпақ қылып тастағаны байқалады.   

Қамал ішінде археологтар аршыған қала көшесі. 

Сауранның археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген бөлігі. Суретте археологтар қалпына келтіруге тырысқан ғимараттардың бірінің аркасы да көрінеді.

Сауран қамалының ішіндегі қазбадан кейін аршылып алынған ғимарат орны. 

Қазбадан табылған қыш бұйымдардың қалдығы.

Сауран қамалының ішінде жиі кездесетін "ешкіемер" деп аталатын кесірткенің бір түрі.