Оразақтықтар шағымы

Your browser doesn’t support HTML5

Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылының оншақты тұрғыны "Нұр Отан" партиясының Астанадағы қабылдау бөліміне барып, селден зардап шеккендер үшін салынған баспаналар әділ бөлінбей жатқаны туралы арыз-шағым түсірді. Олардың уәжін билік партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов тыңдап, Оразақ ауылына іс-сапармен баруға уәде берді. Астана, 10 қараша 2015 жыл.